USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ШҚО-да 59 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды

2021 жылғы 25 қазан 10:18
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 59 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында 59 жастағы ер адамды өлтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейдегі көлік базарының маңынан ер адамның мәйіті табылды Алматы облысында құрылыс басында екі жұмысшы төбелесіп, біреуі мерт болды Павлодарда әйелін өртеп жіберген ер адам 8 жылға сотталды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазан айының басында «102» жедел арнасына белгісіз әйел хабарласты.

Өз сөзінде ол Жаңа Шүлбі ауылы көшелерінің біріндегі үйден зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылғанын жеткізген.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Бородулиха ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу барасында ер адам өз кінәсін мойындады», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Анықталғандай, қаскөй ішімдік ішу барысында 59 жастағы жәбірленушімен жанжалдасып, күрекпен және қайшымен соққыға жыққан.

Қазіргі уақытта (ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT