ШҚО-да 55 жастағы ер кісі бала зорлады деген күдікпен ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Үржар аудандық соты Мақаншы ауылында 11 жасар қызды зорламақшы болған күдіктіні ұстауға санкция жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жергілікті полицияда мәлім болғанындай, осы оқиғадан оларды аудандық саябаққа жеткізіп салған қырағы такси жүргізушісі хабардар еткен. Полиция лезде саябаққа жетіп барып, ер кісіні қылмыс жасамақшы болған жерінен ұстады. Тергеу барысында, 55 жастағы ер кісі ҚХР ШҰАӨ-ден бес жыл бұрын келгені анықталды. Біздің елде тұруға рұқсат қағазы бар. Аталмыш іс туралы ресми пікірді облыстың Ішкі істер департаменті білдірді.

«Үржар ауданы Мақаншы ауылында кәмелетке толмаған қызды зорлау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Толық аяқталған соң сотқа жіберіледі, - дейді ІІД баспсөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Тергеу жұмыстары департамент басшылығының қатаң бақылауында».

Бүлдіршіннің ата-анасын жақын танитын ер кісінің іс-әрекеті жергілікті тұрғындарды есеңгіретті. «Пульс времени» аудандық газетінің бас редакторы Зоя Буланова айтқандай, ауданда «мақаншылықтар» ауызбіршілігі мен достасығы жарасқан ауыл ретінде танымал және мұндай жағдай бұрын болмаған.

Соңғы жаңалықтар