ШҚО-да 520 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 520 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің екінші компонентін 102 мыңнан астам адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 91 793 бала бар. Сондай-ақ 2484 жүкті және 8150 бала емізетін әйел екпе алды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 30 мыңға жуық адам үшінші рет вакцина алып отыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жалпы Шығыс Қазақстанда 516 892 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.


Соңғы жаңалықтар