ШҚО-да 500 шақырым иесіз электр желісі сенімгерлік басқаруға беріледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бес жүз шақырымдық иесіз электр желісінің құжаттамасын қалпына келтіріп, энергетикалық компанияның сенімгерлік басқаруына береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов энергия қауіпсіздігі мәселелеріне арналған отырыста айтты.

«Аймақтың энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін шешудің кешенді жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жаңа электр желілерін тартып, ескісін қайта жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізіп жатыр. Ең алдымен елді мекендердегі халықтың тұрмысына тікелей қатысты желілер түгенделіп, тексеріледі», - деді ол.

Сонымен қатар облыста ұзындығы 500 шақырымнан асатын иесіз желілердің мәселесі шешіліп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ШҚО әкімдігі иесіз желілердің 494 шақырымын облыстық энергетикалық компанияның сенімгерлік басқаруына беру үшін заңнамалық базаны дайындап қойды.

Даниал Ахметовтың айтуынша, қалған иесіз желілерге арналған құжаттама оларды қалпына келтіру құнын есептеу жұмысымен қатар дайындалады.


Соңғы жаңалықтар