ШҚО-да 5 га аумақта далалы алқап жанып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте шөпті және қоқысты шарпыған 26 өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 сәуір күні өңір бойынша 26 рет шөп және қоқыс өртенген. Көп жағдайда қызыл жалын ашық алаңда шықты.

«Ең ірі дала өрті Көкпекті ауданы Құлынжон мен Белинский ауылдық округі арасында болған. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 5 гектарды құрады. Көп ұзамай от толықтай ауыздықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам, жергілікті атқарушы органдардан 2 техника және орман шаруашылығынан 8 қызметкер жұмылдырылған.

Осы ретте, ТЖД мамандары азаматтарға далада өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар