ШҚО-да 5,5 мыңнан астам дәрігер біліктілігін арттырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 5,5 мыңнан астам дәрігер біліктілігін арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдан бастап өңірде Ұлыбритания, Германия, Жапония, Италия, Польша, Литва, Израиль және Ресейдің жетекші клиникаларында медициналық кадрларды оқыту бағдарламасы іске асырылуда. Дәрігерлер онкология, кардиология, кардиохирургия, нейрохирургия, медициналық оңалту және гинекология сияқты басым бағыттар бойынша білім алуда.

«Cоңғы бес жылдың ішінде облыстағы 5 571 медицина қызметкері, оның ішінде 336-сы шетелде біліктілігін арттырды. Тек 2021 жылдың өзінде Израиль, Польша, Ресей клиникаларында 65 маман білім алған», - делінген мәліметте.

Жалпы былтыр денсаулық сақтау саласына барлығы 27 млрд теңге бағытталған. Жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті – коронавирус инфекциясымен күрес жүргізу.


Соңғы жаңалықтар