ШҚО-да 42 гектарға жайылған дала өртімен күрес үш күн бойы жалғасуда

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында 42 гектарға жайылған дала өртімен күрес үш күн бойы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 тамыз күні Самар ауданында шөп өртенген. Сарыбел ауылдық округіндегі Чикеев учаскесіне жайылған қызыл жалынның жалпы ауданы шамамен 42 гектарға жетті.

«Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінің, Красногор және Қайынды орманшылықтарының, Сарыбел тірек пунктінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. 7 тамызда көмекке Өскеменнен өрт сөндірушілер келді. Тілсіз жаумен күрес әлі де жалғасуда», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта барлығы 120-дан астам адам мен 12 техника тартылған. Бұл жартасты жерге жету қиын. Бұл арнайы техниканың жұмысын қиындатуда. Орман қоры мен елді мекендерге қауіп жоқ.


Соңғы жаңалықтар