ШҚО-да 40-тан астам көлік қар құрсауында қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы «Өскемен-Риддер» тас жолындағы Михайловка және Секисовка ауылдарының маңында 40-тан астам автокөлік қар құрсауында қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір көлік жолдан шығып кеткен. Оның ішінде 2 ересек адам мен 3 бала болды. Зардап шеккен ешкім жоқ. Глубокое аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері осы көліктің жолаушыларын жедел түрде эвакуациялап, Быструха ауылындағы үйлеріне жеткізді.

«Сондай-ақ кептелісте тұрып қалған көлік жүргізушілері үшін вахталық автобус келді. Осылайша олар жолдың тазалануын іші кең автобуста күтті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, облыста қарлы боран мен көктайғақ болатыны туралы ауа райына байланысты ескерту алдын ала жарияланған болатын. Осы ретте, ШҚО ТЖД тұрғындарға аса қажеттіліксіз алыс жолға шықпауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар