ШҚО-да 40-тан астам қоғамдық құтқарушы оқытылуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 42 қоғамдық құтқарушы оқытылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 35 қоғамдық құтқарушыны оқытты. Қазіргі уақытта тағы 42 адам білім алуда.


«Жаттығу су жағалауларындағы құтқару бекеттерінде өткізілуде. Курстар суға батып бара жатқан адамға көмектесу дағдыларына үйрету, құтқару құралдарын пайдалану және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін оқытуға негізделген», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуда. Осы орайда оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Дәл осындай сабақтарда алынған білім мен дағдылар төтенше жағдайда балаларға көмектеседі. Бұл бағыттағы жұмыстар жаз бойы жалғасын таппақ», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Айта кетейік, өңір бойынша биылғы шомылу маусымы басталғанға дейін кәмелеттік жасқа толмаған 2 бала суға батып кеткен.


Соңғы жаңалықтар