ШҚО-да 40 градус аязға байланысты көлік қозғалысы шектелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 40 градус аязға байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақавтожол» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен «Облшығысжол» ЖШС мәліметіне сүйенсек, өңірде ауа температурасының күрт төмендеуіне (-40 градус) байланысты 5 қаңтарда сағат 18:00-ден бастап қоғамдық көліктер мен дизельдік отынмен жүретін көліктерге республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдардың барлық учаскелерінде жүруге уақытша шектеу енгізілді.

Айта кетейік, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда қатты аяз әлі бірнеше күнге созылады.

Бұдан бөлек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, «Алматы-Өскемен» тасжолының 558-615 шақырымында, Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасында, Павлодар облысына қарасты «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 426-587 шақырымында және Кенжекөл ауылы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасында көлік қозғалысына тыйым салынды.



Соңғы жаңалықтар