ШҚО-да 40 гектарға жайылған дала өрті оқшауланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 40 гектарға жайылған дала өрті оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт бүгін Гремучий Луг шатқалында шыққан. Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 26 адам, 4 техника және Алтай орман шаруашылығынан 60 адам мен 9 техника дереу келіп жетті.

«Қазавиаорманқорғау» АН-2 ұшағымен өрт ошағын аралаған кезде орманға қауіп төніп тұрмағандығы анықталды. Желдің екпіні секундына 10 метрді құраған. Осының салдарынан өрт 40 гектар аумаққа жайылып кетті. Аймақ басшысының өкімі бойынша тілсіз жаудың одан әрмен таралуына жол бермеу үшін қосымша ШҚО әкімдігінің «МИ-8» тікұшағы жеткен», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта қызыл жалын оқшауланды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар