USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

ШҚО-да 4 жарым мыңға жуық дәрігер қызмет етеді

2021 жылғы 20 маусым 21:21
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 4 жарым мыңға жуық дәрігер қызмет етеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда медицина қызметкерлері күніне орай ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Чехия тұрғыны коронавирусты қасақана таратқаны үшін 3 жылға сотталуы мүмкін ШҚО-да оңалту қызметін көрсететін медициналық ұйым саны артты Алматыда бауырының 75% зақымданған әйелге сәтті ота жасалды

2020 жыл еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Пандемия кезінде вируспен күрестің алдыңғы шебінде дәрігерлер жүрді. Бұл сынақ ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы орнын айқын көрсетті.

Шығыс Қазақстанда 4,5 мыңға жуық дәрігер, 12 мыңға жуық орта медициналық персонал бар. Олар ауруға шалдыққан әр науқасқа қол ұшын созып келеді.

- Облыстың медицина саласы қарқынды дамуда. Медицина мекемелерінің құрылысына, жоғары технологиялық жабдықтарды жөндеуге және сатып алуға айтарлықтай қаржы бөлінуде. Өңірде бірнеше жылдан бері республикалық және шетелдік клиникаларда денсаулық сақтау мамандарын оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылып жатыр, - деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.

Мереке қарсаңында облыс әкімі Даниал Ахметов Денсаулық сақтау басқармасы мен Өскемендегі Ана мен бала орталығына келіп, медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті.

Жоғары білікті маман, 35 жылдық тәжірибесі бар дәрігер Динара Сәдуақасова медицина қызметін – мамандық емес, өмір салты деп санайды

- Медицина саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп ой түйдім. Өлім мен өмір арасында арпалысып жатқан науқастың соңғы үміті ол – дәрігерде. Сондықтан біз мойынымызда қандай жауапкершілік тұрғынын білуіміз керек. Бұл дәрігер мамандығын таңдаған кез-келген адамның парызы, – дейді Динара Жамбылқызы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT