+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

ШҚО-да 4 мың адам жаңа АӘК алуға өтініш берген

2020 жылғы 25 қаңтар 12:13
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 4 мың адам жаңа АӘК алуға өтініш берген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 2020 жыл басталғалы бері 4 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ержан Жылқыбаев вице-министр қызметінен босатылды Қазақстанда 1 отбасының кәмелетке толмаған 15 баласы бар Биыл қызметкерлерді сертификаттаудың жаңа жүйесі сынақтан өтеді

Облыс әкімдігінде көпбалалы аналармен өткен дөңгелек үстел барысында АӘК тағайындау мәселесі талқыланды.

ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабаттың айтуынша, бүгінде облыстың барлық 19 қалалары мен аудандарында бұл жәрдемақыны алуға 4 мың адам өтініш берген.

«Тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек төлеу үшін биыл 5,4 миллиард теңге бөлінді. Жұртшылыққа жаңа ережелерді түсіндіру үшін аймақ басшысының тапсырмасымен 258 ақпараттық топ құрылған. Әрбір мұқтаж жанға тиісті көмек көрсетіледі. Ең бастысы, туындаған мәселелерді шешу үшін қазір өзара іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру қажет» - дейді ол.


Жиын барысында биылғы жылдан бастап көпбалалы аналарға берілетін жаңа жәрдемақы туралы кеңінен түсіндірілді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да биыл 12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік жәрдемақы алуға ниетті екендігі хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT