+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

ШҚО-да 4 млн теңге пара алған шенеунікке 40 млн теңге айыппұл салынды

2020 жылғы 25 қаңтар 15:15
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 4 млн теңге пара алған шенеунікке 40 млн теңге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Тұрғын үй коммуналды шаруашылық және энергетика басқармасы басшысына қатысты үкім қайта қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде Беларусь инвесторының құқығы қорғалды СҚО-да тергеуші 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді Шымкентте қылмыстық істі тоқтатпақ болған тергеуші мен адвокат жазаланды

«Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық сот алқасының қаулысымен «Шығыс Қазақстан облысының ТҮКШ және энергетика басқармасы» ММ басшысы М.Х.Мұсатаевқа қатысты шыққан ақтау үкімі жойылды. Ол ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік органдарда лауазым иелену құқығынан өмір бойына және мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айырылып, 40 млн теңге көлемінде айыппұлмен жазаланды», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Бұған дейін айтылғандай, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі М.Х.Мұсатаев жергілікті тұрғыннан ЖШС-ны өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпазы ретінде тану мәселесін оң шешіп бердім деп жаңылыстырып, 4 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT