ШҚО-да 4 адам суға батып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның суаттарында бір бала мен үш ересек адам судан ажал құшты. Бұл туралы ШҚО ТЖ департаментінің сайтында хабарланады.

Шемонаиха ауданының Оба өзенінде ҚР ІІМ ТЖК «Шығыс аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» ММ-нің күшімен (5 адам мен бір техника бірлігі, 1 жүзу құралы) суға шомылған кезде батып кеткен 2003 жылғы азаматтың мүрдесі шығарылды.

Семей қаласындағы Ертіс өзенінде 1991 жылғы жас азамат суға батып кетті. Оның мүрдесі ҚР ІІМ ТЖК «Шығыс аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» ММ-нің күшімен (3 адам мен бір техника бірлігі, 1 жүзу құралы) шығарылды.

Семей қаласының Восточный кентіндегі Ертіс өзенінің тармағында ҚР ІІМ ТЖК «Шығыс аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» ММ-нің күшімен (4 адам мен бір техника бірлігі, 1 жүзу құралы) 24 шілде күні суға шомылу кезінде батып кеткен 1987 жылғы азаматтың мүрдесі анықталып, судан шығарылды.

Риддер қаласындағы «Риддер орман шаруашылығы» КММ-нің қазаншұңқырында ҚР ІІМ ТЖК «Шығыс аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» ММ-нің 3 адам, 1 техника бірлігі және 1 жүзу құралының күшімен 1994 жылғы азаматтың мүрдесі анықталып, судан шығарылды.

Соңғы жаңалықтар