ШҚО-да 384 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 384 205 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің бірінші компонентін 105 579 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 93 323 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 3538 жүкті және 8718 бала емізетін әйел екпе алды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде. Қазір осы санаттағы 14 641 адам үшінші рет вакцина алып отыр. Жалпы Шығыс Қазақстанда 384 205 адам ревакцинациядан өтті.


Соңғы жаңалықтар