ШҚО-да 3600-ден астам жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 3600-ден астам жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Аймақ бойынша аталған екпенің бірінші компонентін 106 мыңнан астам адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 93 484 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 3600-ден астам жүкті және 8700-ге жуық бала емізетін әйел екпе алды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуде.

Қазір осы санаттағы 16 000-ға таяу адам үшінші рет вакцина алып отыр.


Соңғы жаңалықтар