ШҚО-да 36 жүргізуші мас күйде рульге отырған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ішімдік ішіп рульге отырған 36 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 қаңтардан бастап өңір аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Сол уақыттан бері облыста 190 қылмыс тіркелген. Қазіргі уақытта оның 130-ы ашылып отыр.

«Сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер жіті тексерілуде. Нәтижесінде, 36 мас жүргізуші анықталды. Мәселен, Өскемендегі Целинная көшесінде 40 жастағы ер адам тізгіндеген «Лада» көлігі тоқтатылды. Ішімдік ішіп алған оның 2020 жылдың мамыр айында көлік жүргізу құқығынан айырылғандығы белгілі болды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылған. Ал ер адамға 70 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар