+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

ШҚО-да 300 шақырымға жуық жол жөнделді

2020 жылғы 21 қараша 22:53
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 300 шақырымға жуық жол жөнделді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында биыл 300 шақырымға жуық жол жөнделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тұңғыш Президент күні: Алматы облысының Қаратал ауданында 50 отбасы баспаналы болды Шымкентте Бадам өзеніндегі көпір пайдалануға берілді ШҚО-да мал ұрлығына қатысты 40 қылмыс ашылды

2020 жылы Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар, Үлкен Нарын-Күршім, Өскемен - Тарғын-Самар, Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар, Шемонаиха-Усть-Таловка, Шемонаиха-Большая речка, Белағаш-Дмитриевка, Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы, Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра автомобиль жолдарының учаскелеріне, сондай-ақ Беген, Солдатово, Көктерек, Боран, Ойшілік, Глубокое, Белоусовка және Тассай ауылдарының кіреберіс жолдары жөнделді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар 50,4 шақырым жол орташа жөндеуден өткен.

Нақты айтқанда, Преображенка-Шұғылбай, Күршім-Алғабас, Үржар-Қызылту-Бургон, Новодворовка-Переменовка-Ремки ауылдары арасындағы жол учаскелері және Жаңаауыл ауылына кіреберіс жол жөнделді.

Шығыс Қазақстандағы автокөлік жолының жалпы ұзындығы шамамен 12 мың шақырымды құрайды, оның 3,4 мыңы республикалық маңыздағы жолдар, 3,2 мыңы облыстық, 5,3 мың шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT