USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

ШҚО-да 30 жылға жуық жеке куәліксіз жүрген әйел анықталды

2021 жылғы 26 қараша 20:52
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 30 жылға жуық жеке куәліксіз жүрген әйел анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 30 жылға жуық жеке куәліксіз жүрген әйелге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ерсұлтан Бектұрғанов: Халқына адал қызмет еткен – кемеңгер тұлға ШҚО-дағы тасжол бойында жарылыс жасалып, 1400 текше метр қар түсірілді Шығыс Қазақстанда коронавирустың омикрон штамы тіркелген жоқ

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірде жеке куәліксіз жүрген 190 адам анықталды. Оларға тиісті көмек көрсетіліп, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі рәсімделді.

«Мәселен, Өскемен қалалық Полиция басқармасына жеке басын куәландыратын құжаттары мүлдем алмаған 48 жастағы тұрғын жүгінген. Азаматшаның 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаты ғана болды. Шемонаиха ауданында тұрған әйел 27 жыл бойы құжатсыз өмір сүргендіктен, ресми жұмысы да болмаған. Көші-қон қызметінің мамандары барлық қажетті құжаттарды жинап, оған тиісті көмек көрсетті», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта ол көптен күткен құжатын алды. Енді әйел ауруханаға жүгініп, ресми түрде жұмысқа тұра алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT