+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

ШҚО-да 30 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

2021 жылғы 28 қыркүйек 10:40
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 30 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 30 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда қалалық аурухананың лауазымды тұлғалары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталды Ақтөбе дәмханасына «жарылғыш зат қойған» жігіт ұсталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өңір аумағында «Іздеу» республикалық жедел-алдын алу шарасы жүргізілуде.

Шара барысында Семей қаласындағы криминалдық полиция қызметкерлері 30 жылға жуық Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарынан жасырынып келген сол елдің азаматын ұстады. Белгілі болғандай, ол 1992 жылдың ақпанынан бастап адам өліміне әкеп соққан дене жарақатын келтіру фактісіне байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

«Тәртіп сақшылары келіп түскен жедел ақпараттың нәтижесінде, ұзақ уақыт бойы жасырынып келген ер адамды анықтады. Ресейлік бірге тұрған әйелге өзін жалған атпен таныстырып, шынайы деректерді жасырып келген. Қазіргі уақытта қылмыскерді Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT