ШҚО-да 30 отбасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында баспаналы болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Тұңғыш Президент күні қарсаңында 30 отбасыға баспана берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Өскемендегі 30 отбасы қоныс тойын тойлауда. Оларға көптен күткен пәтер кілттерін ШҚО әкімі Даниал Ахметов салтанатты түрде табыс етті.
«Баршаңызды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осындай жарқын мерекеде баспаналы болып жатқан барлық отбасыларға береке-бірлік тілеймін. Қоныс құтты болсын!», – деді аймақ басшысы.
Отыз отбасының ішінде көпбалалы жанұялар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, үй кезегінде тұрған басқа да әлеуметтік осал топтағылар бар. Солардың бірі – жеңіл атлетикадан Паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Ольга Демченко.
Ал төрт баланың анасы Меруерт Мұқұшева «балаларымның арманы орындалды» дейді.
«Бүгін біз үшін қуанышты күн. Пәтерімізді көптен күттік. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында өз баспанамызға қолымыз жетті», - деді ол қуанышын жасыра алмай.
Айта кетейік, биыл шаһардағы 200-ден астам отбасы «Жалдамалы тұрғын үй», «Бақытты отбасы» бағдарламалары аясында баспаналы болған.
- Алматы облысында ауа райына орай республикалық трасса жабылды
- Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды
- БҚО әкімінің тұрғындармен кездесуі онлайн түрде өтеді
- ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды
-
ШҚО-да биылғы алты айда 35 білім беру мекемесі тексеріледі
-
Қазақстанда жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам