ШҚО-да 30 мыңға жуық педагог вакцина алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы барлық мектеп жаңа оқу жылына дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде өңірдегі 647 мектепте 198 624 оқушы бар. 2021-2022 оқу жылының басталуына орай білім беру мекемелері жоспарлы дайындық жұмыстарын жүргізген.

«Барлық мектеп байланыссыз термометрлермен, бактерицидті шамдармен, санитайзерлермен, дезинфекциялық кілемшелермен, маскалармен және дезинфекциялық құралдармен толықтай қамтамасыз етілді. Білім ордаларының 100 пайызында «Ashyq» қосымшасы енгізілген. Сондай-ақ облыс бойынша 29 562 педагог вакцина алды», - делінген ақпаратта.

543 мектепте медициналық кабинет бар. Ал осындай кабинеті жоқ ауыл мектептерінің оқушыларына медициналық пункттердің және дәрігерлік амбулаториялардың ақ халаттылары қызмет көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар