ШҚО-да 30 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда 29 389 адам жер кезегінде тұр. Бұл туралы әкімдіктің кеңейтілген аппарат кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың айтуынша, қаладан жер алып, үй салғысы келетіндердің саны жыл сайын артып келеді. Әсіресе Семей қаласында жер теліміне деген сұраныс орасан. Қала әкімдігіне 24 318 тұрғыннан өтініш түскен. Өскеменде 3913 адам, Риддерде - 55, Аягөз ауданында -320, Зайсан ауданында - 683, Ұлан ауданында 109 адам жер кезегінде тұр.

«Семейліктердің сұранысын қамтамасыз ету үшін Ақсай деп аталатын жаңа тұрғын аудан құрмақпыз.  Ал Өскеменде №28 шағын ауданнан 108,3 га жер бөлініп отыр. Инвестиция және даму министрлігі Өскеменде бой көтеретін 54 жер үйдің құрылысына 625,4 млн теңге қарыз бөлді. Алғашқы 10 үйдің ауданы 130 шаршы метр, одан кейінгі 13 үйдің ауданы 100 шаршы метр, соңғы 31 үйдің ауданы 80 шаршы метр болмақ. Жер алғысы келгендер ұлттық қордың үй құрылысына бөлген қарызын қайтаруы керек», - деді Серік Ақтанов.

Ал Семейдің Ақсай ауданында әуелі 50 жеке тұрғын үй салынады. Құрылысқа 3 мердігер компания тартылмақ.  Жалпы ШҚО бойынша жер үйлерге арнап 74 титік жоба дайындалған. Оны жергілікті әкімдіктер халыққа тегін ұсынуы тиіс. Аталмыш жобалар https:depstory.vko.gov.kz сайтына да орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар