+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

ШҚО-да 30 келі балықты заңсыз тасымалдаған ер адам жауапқа тартылды

2021 жылғы 19 қыркүйек 04:32
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 30 келі балықты заңсыз тасымалдаған ер адам жауапқа тартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының тұрғыны 30 келі балықты құжатсыз тасымалдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 1 жарым гектарды шарпыған дала өрті сөндірілді Президент тапсырмасы: ШҚО-да өзендерді ластаған компания жауапкершілікке тартылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолын патрульдеп жүрген тәртіп сақшылары 914 шақырымда ВАЗ автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде Көкпекті ауданының 54 жастағы тұрғыны болды.

«Тексеру кезінде жүксалғыштан 1 қап ақтабан, көксерке, мөңке балықтары табылды. Ер адамда жалпы салмағы 30 келіге жететін балыққа тиісті рұқсат қағаздары болмаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аудан тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігіне (балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT