ШҚО-да 30 гектар аумаққа жайылған өртті сөндіруге пойыздың көмегі қажет болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 30 гектар аумаққа жайылған өртті сөндіруге пойыздың көмегі қажет болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 сәуірде Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің сол жағалауында шөп жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Желдің салдарынан өрт одан сайын өршіп кетті. Оқиға орнына өрт сөндіру көлігімен жету көп уақытты алады.

Сондықтан жеке құрамды жеткізу үшін қайықтар іске қосылған.

«Құтқарушылар қосымша күш ретінде «Защита» станциясында орналасқан 11 адамнан тұратын «Қазақстан темір жолы» ҰК өрт сөндіру пойызын жұмылдырды. Олар ТЖД қызметкерлерімен бірге қызыл жалынды ауыздықтауға атсалысты. Өзара іс-қимыл мен бірлескен күш-жігердің арқасында 30 гектар аумаққа жайылған тілсіз жау толықтай сөндірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнында барлығы 5 техника, 2 қайық, 24 өрт сөндіруші, «Қазақстан темір жолы» ҰК өрт сөндіру пойызы мен жеке құрамнан 11 адам жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде құтқарушылар шөпті шарпыған өртті сөндіруге қайықпен аттанғанын хабарлаған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар