ШҚО-да 3 жарым гектарға тараған өрт сөндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер 3 жарым гектарға тараған жалынды өшірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 сәуірде Глубокое ауданы Белоусовка кентінде құрғақ шөп өртенген.

«Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері отты ауыздықтауға кірісті. Көп ұзамай жалпы аумағы 3,5 гектарды қамтыған өрт толықтай сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалынның шығуына – бақташылардың құрғақ шөпті өртеуі себеп болған. Шөпке лақтырылған темекі тұқылынан, балалардың сіріңкемен ойнауы салдарынан өрт шығуы мүмкін. Осы ретте, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған азаматтар жауапқа тартылатынын ескертеміз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, тілсіз жаумен күреске департаменттен 13 адам, 2 техника және жергілікті атқарушы органдардан 21 адам жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар