ШҚО-да 3 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 3 мыңнан астам балаға демеушілік көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз брифингі барысында ШҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алима Ақылбекқызы мәлім етті.

«2022 жылы облыс бойынша «Жалпыға міндетті оқыту» қорының шығындары 1891 млн теңгені құрады. 25 тамызға дейін көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың барлық оқушылары жаңа мектеп формасымен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар биылғы Балалар жылы аясында өңірде «Мектепке жол» акциясы өтуде. 3 345 балаға мектеп, спорттық киім, аяқ киім, кеңсе тауарлары түрінде 22 млн теңгеден астам сомаға демеушілік көмек көрсетілді», - деді ол.

Алима Ақылбекқызының айтуынша, білім беру ұйымдарында балалар үшін қауіпсіз орта туғызу үшін барлық жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалардың 100%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.


Соңғы жаңалықтар