ШҚО-да 3 монша кешенінде жезөкшелер притоны жұмыс істеген
2021 жылғы 21 маусым 14:56

ШҚО-да 3 монша кешенінде жезөкшелер притоны жұмыс істеген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 3 жезөкшелік притонды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Stop-трафик» жедел-алдын алу шарасын жүргізді.

Мұндағы мақсат – жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтауға және оларды орталықтандырылған есепке қою.

«Полицейлер ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, жалға берілетін пәтерлер мен қонақ үйлерді тексерді. Жедел алдын алу шарасының қорытындысы бойынша Өскемен және Семей қалаларындағы 3 монша кешені әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұстағаны анықталды. Қазіргі уақытта оларға қатысты ҚР ҚК 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәсін мойындап отыр. Енді олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар жезөкшелікпен айналысуға тартудың 1 фактісі тіркелген.

Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық есепке 7 адам қойылған.


Jańalyqtar

MURAǴAT