ШҚО-да 29 мектеп оқушысынан коронавирус анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылғы 1 қыркүйектен 1 қазанға дейін 29 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырған.

Олардың 13-і кезекші сыныптарда, қалған 16-сы қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 қыркүйектегі соңғы мәліметтер бойынша 27 оқушының 6-уы емделіп шығып, оқуды жалғастыруда. 12 оқушыдан COVID-19 вирусы күнде жүргізілетін таңертеңгі тексеру кезінде анықталған.

«ШҚО аумағында коронавирус ошағына айналған мектептердегі кезекші сыныптарды қашықтан оқытуға ауыстыру туралы қаулы шығарылды. Қауіпті вирус анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы сантиариялық-дезинфекциялық шаралар жүргізілді», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше облыста191 757 оқушы оқитын 647 мектеп бар. Оның ішінде 37 078 бала оқитын 376 (58,0%) мектеп тұрақты режимде, 107 543 оқушысы бар 271 мектеп (42,0%) қашықтықтан жұмыс істейді.


Руслан Шақабаев


Соңғы жаңалықтар