ШҚО-да 288 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті
2022 жылғы 10 ақпан 21:50

ШҚО-да 288 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 287 935 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге Pfizer екпесін салу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

«Бүгінгі таңда аталған вакцинаны 190 335 адам алды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы бала саны – 170 160. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 5275 жүкті және 14 900 бала емізетін әйел екпе алған», - делінген ақпаратта.

Облыста 60 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері үшін Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтуге мүмкіндік бар. Қазір осы санаттағы 11 381 адам үшінші рет вакцина алып отыр.

Жалпы аймақ бойынша қазірде 287 935 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өткен.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT