ШҚО-да 26 мектеп автобусы сатып алынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 26 мектеп автобусы сатып алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

«Мектептерді жаңа оқу жылына дайындау жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта жаңадан салынған білім ордаларына қабылдау жүріп жатыр. Барлық 647 мектеп «Ashyq» бағдарламасына қосылған. Ал оқытушылар мен техникалық қызметкерлер толықтай COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алды. Жұқпалы ауру кең таралып кетпес үшін оқу процесі дәстүрлі, қашықтан және аралас форматта ұйымдастырылады», - деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, барлық мектепте медициналық кабинеттер жабдықталған. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау мен дабыл жүйелері орнатылды.

«Оқушыларды мектепке жеткізу өте өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда 134 білім беру мекемесінде осындай қиындық бар. Биыл қосымша 26 автобус сатып алдық. Білім басқармасына жағдайды талдап, тағы қанша автобус қажеттігі туралы ақпарат беруді тапсырдым», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар