ШҚО-да 26 кәсіпкер шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 450-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзған 464 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 21 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды.

«Еліміздің 192 азаматы көшіп келушілердің өз үйлерінде болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламаған. Сондай-ақ шетелдіктерді уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбекке тартқан 26 жұмыс берушіге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, жедел алдын алу шарасы аясында қос азаматтығы бар 3 адам анықталды.


Соңғы жаңалықтар