ШҚО-да 25 мыңнан астам адам көлік салығын төлемей жүр

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 25 мыңнан астам адам көлік салығын әлі төлемеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде мүлік және көлік салығын төлемегендерге ескерту жіберіліп жатыр.

Жалпы облыс бойынша 7347 адамның мүлік салығы бойынша 9,5 млн теңгеге жуық берешегі бар. Ал көлік салығын төлемегендер бұдан әлдеқайда көп.

Нақты айтқанда, 25 991 адамның көлік салығы бойынша мемлекетке 680 млн теңгеге жуық қарызы бар.

«Мүлік салығының шот-фактуралары салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей беріледі. Сәйкесінше, салық 1 қазаннан кешіктірмей төленуі тиіс. Көлік салығы болса 1 сәуірден кешіктірмей төленуі керек. Салық берешегін е-Salyk Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеріп білуге болады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар