+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

ШҚО-да 2021 жылы қандай әлеуметтік нысандар салынады

2021 жылғы 13 қаңтар 13:23
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 2021 жылы қандай әлеуметтік нысандар салынады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов қалалар мен аудандардың әкімдерімен тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы жөнінде селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін «Ауыл – Ел бесігі»: Биыл Қарағанды облысындағы 11 ауылда 19 жоба жүзеге асырылады

2020 жылы өңірде құрылыс жұмыстары жаңа қарқын алды. 1000-нан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл тұрғыдағы жұмыстар осымен тоқтап қалмай биыл да жалғасын таппақ.

Даниал Ахметовтың айтуынша, барлық қаржыландыру көздері есебінен 912,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Оның ішінде жеке инвесторлардың қаражатына көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 1143 пәтерлік 759 бірқабатты үй салынады.

«Барлық жұмыстар уақытылы және сапалы орындалуы қажет. Әкімдер үйлердің аумағын абаттандыруды бекітілген кесте бойынша жүргізуі тиіс. Сондай-ақ құрылыс компанияларының бәсекелестік ортада жұмыс істеуіне жағдай жасау керек. Егер аудандар жеке инвесторлар есебінен несиелік тұрғын үй салуды қолға алса, онда оларға әлеуметтік тұрғын үй салу жоспарынан көбірек квота беріледі», - деді аймақ басшысы.

Биыл тоғыз әлеуметтік-мәдени нысанның құрылысы жалғасады. Атап айтқанда, Семей қаласы Степной кентіндегі 300 орындық мектеп, Қайнар, Бозанбай, Таврия, Марқакөл, Ақсуат ауылдары мен Серебрянск қаласында спорттық-сауықтыру кешені салынады. Сондай-ақ бассейні бар осындай кешен Бородулиха ауданында да бой көтереді. Ал Көкпекті ауданы Самар ауылы мен Аягөз қаласында бассейн, Өскеменде 244 орындық 9 қабатты жатақхана салынуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT