ШҚО-да 2021 жылдың бес күнінде 8 көлік өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың бес күнінде 8 көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қаңтарда Семейде 3 көліктен өрт шыққан. Нақты айтқанда, Рудная көшесінде орналасқан екіқабатты тұрғын үйдің ауласындағы гараждың шатырын, қабырғаларын және соның ішіндегі Toyota Сresta көлігін жалын шарпыған. Сондай-ақ қала көшелерінде Volkswagen Passat және Лада Калина автокөліктері өртенді.

Бұдан бөлек, Аягөз қаласындағы жеке тұрғын үй маңындағы гараж шатырының ағаш құрылымдарын және іште тұрған 2016 жылғы Subaru Forester көлігін өрт шалды.

«Жалын шарпыған аумақ 24 шаршы метрді құраған. Өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД дерегінше, облыс бойынша 2021 жылдың бес күнінде 8 көлік өртенген.

Соңғы жаңалықтар