+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ШҚО-да 2017-2020 жылдары 625 көпбалалы отбасы баспаналы болды

2021 жылғы 26 ақпан 19:28
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 2017-2020 жылдары 625 көпбалалы отбасы баспаналы болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы 4 жыл ішінде 625 көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда қанша көппәтерлі тұрғын үй кешені МИБ-ке өтуге жатады Қостанай облысында тұрғын үй құрылысы қарқыны қалай Атырауда көпбалалы отбасыларға арналған баспана құрылысы екі жыл бойы тоқтап тұр

Бұл туралы халық алдында есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.

«Көпбалалы отбасылар ерекше назарға алынған. Өңірімізде көпбалалы жанұядан шыққан оқушылар толықтай мектеп формасымен, аяқ киіммен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Балалардың ата-аналары балбақшаларға ақы төлеуден босатылған. Ал студенттер болса тегін тамақпен және жатақханамен қамтылып отыр», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, 2017 жылы тұрғын үй алу кезегінде тіркелген көпбалалы отбасылар саны бес есеге өскен. Соңғы төрт жыл ішінде ауылды жерлерде тұратын 1625 көпбалалы отбасы баспаналы болды.

«Өткен жылы 1049 отбасы, оның ішінде ауылдағы 336 жанұя қоныс тойын тойлады. Биыл өңір аудандарында жеке инвесторларды тарта отырып, жалпы ауданы 36 мың шаршы метрге жететін 191 екіпәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда», - деді Даниал Ахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT