ШҚО-да 2016 жылы экстремизмге үндейтін 120 сайт анықталды

None
None
ӨСЕКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының дін істері жөніндегі басқармасы діни экстремизмді тарататын интернет-материалдармен күресуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

ШҚО-ның дін істері жөніндегі басқармасының бастығы Бейбіт Әшімовтың айтуынша, көптеген ақпараттардың арасында экстремизм мен терроризмді насихаттайтын сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар анықталуда.

Әшімовтың өңірлік комуникациялар қызметінде хабарлағанындай, 2016 жылдың қорытындысына байланысты жүргізілген мониторинг жұмыстары әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшаларды және интернет-алаңдарды қоса алғанда 848 интернет-ресурстың 120 сайтында экстремизм мен терроризмге шақыратын ақпараттар бар. Сондай-ақ 370 сайтта таратуға тыйым салынған бейнематериалдар бар болып шықты.

«Соңғы уақытта дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері интернетте белсенді жұмыс істей бастады. Олар әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы экстремизм мен терроризмді насихаттайтын материалдар таратуда. Еліміздің заңдарын бұзумен байланысты фактілер, жолын кесу үшін құқық қорғау органдарының өкілдеріне жіберіледі»,-деді Әшімов.

«Мемлекет басшысының биылғы жылғы Жолдауында көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында ШҚО-ның дін істері жөніндегі басқармасының өкілдері тұрғындар арасында да интернет арқылы да, әлеуметтік желілерді пайдаланып та кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде»,-деді конференцияның спикері.

Сондай-ақ ол осы мәселе бойынша «сенім телефонына» хабарласушылар санының (2014 жылмен салыстырғанда) 3,5 есеге артқандығын ескертті.

Бүгінгі таңда өңірде 308 діни бірлестік пен түрлі конфессиялар қызмет етіп жатқандығы хабарланды.

Соңғы жаңалықтар