ШҚО-да 2016 жылы алғаш рет шартты түрде сотталғандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында ағымдағы жылы алғаш рет қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) пробациялау қызметінде есепте тұрған шартты түрде сотталғандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті.

«Жәрмеңкенің негізгі мақсаты - сотталған адамдардың жұмыспен қамтылу мәселесін оңтайлы шешу және әлеуметтік қорғау шараларын көрсету. Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тікелей қатысуымен өтетін осындай жәрмеңкелер тұлғалардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Бұл туралы тәжірибе куәландырып отыр», - деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің өкілі Арман Қатанов.

«Бұл жәрмеңкеге аймақтағы бес ірі кәсіпорын қатысты. Бұл электромонтер, электргазбендәнекерлеуші, абаттандыру бойынша жұмыскер, пластик терезелерін құрушы, монтаждаушы, сату жөніндегі менеджер, балташы-бетоншы, монолитші, компрессор құрылғыларының машинисі, тиегіш машинисі және тағы басқа ондаған кәсіптер бойынша бос орындар ұсынған «Таг-Тин» ЖШС, «Восток-Зеленстрой» ЖШС, «Ертіс су жолдары кәсіпорны» РМҚК, «Вера-3» ПИК, ЖК«Байғонысова». Жұмыс берушілер өз кәсіпорындарын таныстырып, жұмыс іздеушілермен әңгімелесу жүргізді, жұмысқа қабылдау талаптары туралы айтып берді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңес беру пунктіне жиналғандардың барлығы жұмыспен қамту және қайта оқыту мамандарынан өздерін қызықтыратын ақпарат, мекенжай және тұрғын көмегі бойынша кеңестер алып, қалалық бос орындар банкімен танысып өтті.

Жәрмеңкенің қорытындылары бойынша 10-ға жуық адам тұрақты жұмысқа тұру үшін жолдамалар алса, тағы 10 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тұрды, үшеуі оқуға жіберілді», - деп қосып өтті А.Қатанов.
null

Соңғы жаңалықтар