ШҚО-да 200 миллионнан астам ағаш отырғызылады

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 24 мыңнан астам ағаш отырғызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметіне сүйенсек, осы жылдың мамыр айынан бастап «Таза табиғат» акциясы қолға алынған. Соның аясында 2025 жылға дейін облыста 200 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда.

«Жыл басынан бері аймақ бойынша 24 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Оның ішінде 20 мың қарағай, 4 жарым мың шырма мен самырсын. Өскемен, Семей қалаларында және облыстың бірқатар ауданында жаңа аллеялар пайда болды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар күшейтіледі», - деді инспекция басшысы Ділдәбек Оразбаев.

Оның айтуынша, «Таза табиғат» акциясы аясында 2025 жылға дейін елімізде 2 миллиард ағаш отырғызу көзделген.


Соңғы жаңалықтар