+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҚО-да 200 миллионнан астам ағаш отырғызылады

2021 жылғы 20 қазан 04:18
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 200 миллионнан астам ағаш отырғызылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 24 мыңнан астам ағаш отырғызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды Қаңғыбас жануарлардың санын азайтудың жаңа тәсілі айтылды Алматыдағы экопостар қалай жұмыс істеп жатыр

ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметіне сүйенсек, осы жылдың мамыр айынан бастап «Таза табиғат» акциясы қолға алынған. Соның аясында 2025 жылға дейін облыста 200 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда.

«Жыл басынан бері аймақ бойынша 24 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Оның ішінде 20 мың қарағай, 4 жарым мың шырма мен самырсын. Өскемен, Семей қалаларында және облыстың бірқатар ауданында жаңа аллеялар пайда болды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар күшейтіледі», - деді инспекция басшысы Ділдәбек Оразбаев.

Оның айтуынша, «Таза табиғат» акциясы аясында 2025 жылға дейін елімізде 2 миллиард ағаш отырғызу көзделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT