ШҚО-да 200 гектар жер өртеніп кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Күршім ауданы мен Семей қаласының іргесінде 200 гектар жазық дала өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күршім ауданындағы өрт кеше түс мезгілінде басталып, бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында ауыздықталды. Қызыл жалынды ауыздықтауға жергілікті төтенше жағдай қызметінің 8 жауынгері мен 2 автоцистерна және ауыл Қырыққұдық елді мекенінің тұрғындары жұмылдырылған. Өрт 10 гектар жазықты қамтыды. Өрт сөндірушілер от шалған аумақты әлі бақылап отыр.

Семей қаласының іргесіндегі Шекеман ауылында да 100 гектар алқап отқа оранды. Өрт ауылға 5 шақырымдай жерге жетіп сөнген. Таңғы сағат 5.00-де оның соңғы ошағы жойылды.

«Өрттен зардап шеккендер жоқ. Егістік  пен малға да зиян тимеген. Өрттің себептері анықталу үстінде» - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.

Соңғы жаңалықтар