+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҚО-да 200-ге жуық автобус жүргізушісі рульде отырып телефон пайдаланған

2021 жылғы 12 қазан 05:44
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 200-ге жуық автобус жүргізушісі рульде отырып телефон пайдаланған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында рульде отырып телефон пайдаланған 200-ге жуық автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 250 млн теңге субсидияны жымқырған Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 400-ден астам адам емделіп жатыр Петропавл көшесінде жалаңаш жүрген ер адам сотталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

- Жеті күн ішінде1045 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде көлік шығарындысындағы ластаушы заттардың нормадан асқаны үшін - 94, рульде отырып телефон пайдаланған - 183, жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған 18 адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ 180-нен астам қоғамдық көлік жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұзса, 11 адам өз маршрутында еңбек және демалыс режимін бұзып жүргені анықталды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мәселен, Өскемен қаласында полиция қызметкерлері «DАEWOO» маркалы автобусты тоқтатып, құжаттарды тексеру кезінде 41 жастағы жүргізушінің осы көлікті басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT