ШҚО-да 200 балаға Президент атынан жаңажылдық сыйлық берілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 200 балаға Президент атынан жаңажылдық сыйлық берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларға ел Президенті мен облыс әкімінің атынан сыйлықтар табыс етілді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты екінші жыл қатарынан жаңажылдық шырша концертсіз өтті.

Шараға 9-13 жас аралығындағы 450 бала қатысты. Оның ішінде ерекше білім алуды қажет ететін балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққандар, оқуда озат болып, спортта, шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды оқушылар бар. 200 балаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан, 250 балаға Даниал Ахметовтің атынан сыйлық берілді.

«Сыйлық алғаныма өте қуаныштымын. Барлық туған-туыстарым мен құрбыларымды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Аңсаған армандарыңызға жетіңіздер!», - деді «Ақ ниет» мектеп-интернатының он бір жасар оқушысы Рита Мышеловская.


Соңғы жаңалықтар