+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШҚО-да 2 млн-нан астам көшет отырғызылмақ

2021 жылғы 18 маусым 12:10
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 2 млн-нан астам көшет отырғызылмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының елді мекендеріне 2 млн-нан астам көшет отырғызылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде құтқарушылар пәтерде қамалып қалған балаға көмекке келді ШҚО-да үш күн ішінде мал ұрлығына қатысты 11 қылмыс ашылды Шығыс Қазақстанда сайланған 77 ауыл әкімі өз жұмысын бастады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі «Нұрлы Жол» жаңа шағын ауданына барып, салынып жатқан жер үйлердің сапасын тексерді. Жуық арада мұнда алғашқы қоныстанушылар өз пәтерлеріне көше бастайды.

«Баспаналар заманауи талаптарға сай тұрғызылған. Аулаға кіретін жолдары кең, 1 пәтерге 1,5 орын схемасы бойынша тұрақ орындары қарастырылған. Кәсіпкерлікпен айналысатындарға да жағдай жасалып отыр. Сонымен қатар жақында осы шағынауданда 600 оқушыға арналған мектеп бой көтереді», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, мердігер «Нұрлы Жол» компаниясы аудандағы жұмысын одан әрі жалғастыруға және ипотека арқылы берілетін үй салуға ниет білдірді. Әкімдік қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайын.

«Әрине, өңірдің әрбір шағын ауданы жасыл желекке көмкерілуі тиіс. Бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да айтып отыр. Алдағы жылдары облыстың елді мекендеріне 2 миллионнан астам көшет отырғызамыз. Ең алдымен бұл игі істі әркім өз ауласынан бастау керек. Сонда аудандарымыз бен қалаларымыз одан әрі көркейеді», - деді Даниал Ахметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT