ШҚО-да 2 көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «УАЗ» автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі мас күйде рульге отырып, жылдамдықты бекітілген шектен асырып жіберген.

Осының салдарынан ол қарсы жолаққа шығып кетіп, «ВАЗ» көлігімен соқтығысты.

«ВАЗ» көлігінің 66 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Ал «УАЗ» көлігін тізгіндеген ер адам кеуде омыртқасы сынып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаратын тұлғалардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар