+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

ШҚО-да 197 милионнан астам ағаш отырғызылмақ

2021 жылғы 24 қыркүйек 10:14
Бөлісіңіз:
ШҚО-да 197 милионнан астам ағаш отырғызылмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында алдағы үш жылда 197 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында 2025 жылға дейін 7 млн көшет егіледі Алматыда «Жасыл қала» науқаны аясында көшеттер тегін таратылып жатыр ШҚО-да 200 миллионнан астам ағаш отырғызылады

Мемлекет басшысы өткен жылғы 1 қыркүйектегі ел халқына Жолдауында 2 млрд ағаш отырғызуды және осы жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін интерактивті карта әзірлеуді тапсырған еді. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиналыс барысында өңір аумағын көгалдандыру мәселесі талқыланды.

«Алдағы үш жылда өңірде 197 миллионнан астам ағаш отырғызу көзделген. Аймақ бойынша көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін нақты жоспар құрылды. Алайда кейбір әкімдер үлкен әлеуеті бар ірі қалаларда отырғызылатын ағаш санын аудандармен бірдей қылып көрсеткен. Бұл дұрыс емес. Сондықтан он күн ішінде осы олқылықтың орнын толықтыруды тапсырдым», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 2 миллиард ағаш отырғызу мақсатында жасалып жатқан жұмысты бақылау үшін интерактивті карта әзірленіп жатқандығы хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT