ШҚО-да 190 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 190 мыңға жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде COVID-19 инфекциясына қарсы америкалық Pfizer вакцинасын салдыру науқаны жалғасуда.

«Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын алатындар санатындағы халықты иммундау жұмыстары қарқынды жүруде. Аймақ бойынша аталған екпені 188 407 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 168 497 бала бар. Оларды вакциналау тек ата-анасының рұқсатымен жүргізілуде. Сондай-ақ 5196 жүкті және 14 714 бала емізетін әйел екпе алған», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы коронавирус стационарларында 414 науқас емделіп жатқаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар