ШҚО-да 1700-ден астам үйге улы газды анықтайтын датчик орнатылды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1700-ден көпбалалы және аз қамтылған отбасының үйіне улы газды анықтайтын датчик орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жылыту маусымы басталғалы бері жер үйлерде 282 өрт шыққан. Бұл жайлы баспасөз мәслихаты барысында ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов мәлім етті.

«7 адам иіс тиіп көз жұмды. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 22%-ға аз. Жылыту маусымының басынан құтқарушылар 315 000-нан астам ауланы аралап, 537 935 адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ 80 915 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғандығы анықталды», - деді ол.

Осы ретте, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ерекше көңіл бөлінуде. Олардың үйлерін тексеру кезінде 5928 бұзушылық анықталған.

«Қазмырыш» ЖШС-мен жасасқан меморандум аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер орнатылуда. Бүгінгі таңда осы санаттағы жанұялардың үйлерде 1708 датчик қойылды», - деді Дмитрий Титов.


Соңғы жаңалықтар