ШҚО-да 17 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қыркүйек күні Зыряновскте 17 жастағы Ксения Сидорина үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті. Қыздың туған-туыстары оның жоғалып кеткені жайлы полицияға арыз жазған және өздері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды YK-news.kz.

Жоғалған қыздың әпкесінің айтуынша, ол 07:00-де Жаксыбаев көшесіндегі үйінен шығып, өзінің сүйіктісінің үйіне қарай кеткен.

 - Бұл күні оның жігітінің туған күні болатын, сондықтан ол оны құттықтау үшін үйден шықты. Алайда ол діттеген жерге жетпеген. Біз полицияға оның жоғалып кеткені жөнінде шағым түсірдік. Өз бетімізше де іздестіріп жатырмыз, - дейді әпкесі.

Ксения сұр күртеше, көк джинс шалбар, қара түсті аяқ киім киген. Бойы 160 см шамасында. Сұр түсті сөмке ұстаған.

Ксенияның қайда екенінен хабардар адамдар болса, сондай-ақ іздестіру жұмыстарына атсалысамын деген ниеттегі жандар 8 777 987 73 72 және 8 777 790 16 57 номерлеріне хабарласуына болады.

Соңғы жаңалықтар